Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаменті Баянауыл аудандық қазынашылық басқармасы

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.

Баянауыл аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

Баянауыл аудандық қазынашылық басқармасы басшысының лауазымдық нұсқаулығында: 3.3.9. тармағында: Басқарма қызметкерлерін іріктеу, қабылдау, босату, іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстеме белгілеу және сыйақы беру мәселелерін шешу.

Конкурсқа қатысушыларға  артықшылық беру мүмкіндігі, Мекеменің қызметшілеріне жұмыста жоғарлау және босату, тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу кезінде артықшылық беру мүмкіндігі.

 

3.10. тармағында: лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеу.

Басқа тұлғаларға ақпаратты ашу мүмкіндігі, қызметкерлерден мұндай ақпаратты  талап ету мүмкіндігі.

3.11. тармағында: мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалану.

Мемлекеттік меншікті жеке мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі.

2.

Баянауыл аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары

Басшының орынбасарының лауазымдық нұсқаулығында: 3.22. тармағында: мемлекеттік мекемелердің «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы жүзеге асырылатын қаржы құжаттарының уақтылы өнделуін бақылауды қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін жасыру, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау.

3.

Баянауыл аудандық қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы             (1 бірлік)

Бас маманның лауазымдық нұсқаулығында: 3.1. тармағында: ҚИАЖ-не енгізуді, сәйкесетін реквизиттердің бақылауын, тексеруді жүргізу:- түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, жергілікті бюджеттердің қаржыландыру жоспарларын және оларға өзгерістер енгізуге анықтамаларын орындау;    - мемлекеттік мекеменің тауарларды өткізуден (қызмет көрсетуден) түсетін, олардың иелігінде қалатын түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын және жоспарларға  өзгерістер енгізуге анықтамаларын;  - олардың тапсыру мерзімділігін сақтауға;- сомалардың теңдігі.

3.15. тармағында: Қаржылық құжаттардың бюджеттік заңнамада бекітілген талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде мемлекеттік мекемелерге орындалмай қайтарылып  және қайтару себебі туралы хат даярлау.

3.21. тармағында: Азаматтық-құқықтық мәмілелерді, мемлекеттік мекемелерді ҚИАЖ-ға шарттар (қосымша келісімдер) нысанында тіркеуді жүзеге асыру. Азаматтық-құқықтық  мәмілелерді тіркеуге өтінімдерді бағдарламалық бақылау және шарттардың нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін тексеру.

Лауазымдық уәкілдерін асыра пайдалануына байланысты тәуекелдер: қаржы құжаттарының орындалуын жасанды түрде кешіктіру, қарастырылмаған құжаттарды қосымша талап ету, түскен құжаттарды орындауынан заңсыз бас тарту, дұрыс ресімделмеген немесе бюджеттік заңнаманың нормаларына сәйкес емес қаржы құжаттарды қабылдау және орындау, лауазымдық нұсқаулықтарды орындау кезінде беделін түсіретін факторлардың орын алуы, басшылықтың ұйымдастырушылық және әкімшілік  шешімдерді  қабылдауына әсер ететін ақпаратты дайындау кезінде мәліметтерді жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі.

 

 

4.

Баянауыл аудандық қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы                (3 бірлік)

Бас маманның лауазымдық нұсқаулығында: 3.1. тармағында: Құжаттарды расталған құжаттармен қабылдау және расталған (қоса берілген) құжаттардың бар болуын тексеру. ММ шоттары мен ҚБШ,  ЖБ, РБ бойынша төлеуге берілетін шот/төлем тапсырыстарының  деректемелерін бақылауды іске асыру.

3.5. тармағында: Екінші деңгейлі банк бағдарламасында ақша алушылардың тізімі бойынша МТ форматындағы файлдарды және «Азаматтарға арналған үкімет» МК бағдарламасы бойынша  SWIFT- файлдарды тексеру.

3.12. тармағында: Қателіктер анықталған жағдайда орын алған кемшіліктерді  заңнамаға сәйкес  сілтеме жасап қайтаруды іске асыру.

 

Дата публикации
15 ноября 2024
Дата обновления
15 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы