Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

№ п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Түсімдер басқармасының басшысы

Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына және "ұлттық валютада анықталғанға дейін өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сомалар" шоты бойынша операциялар бойынша, тиісті бюджеттер арасында бөлу нормативтерін енгізу бойынша түсімдерді есепке алу бойынша бақылауды жүзеге асыру.

Кассалық шығыстар сомасын дұрыс қалпына келтіру.

Ақшаны жөнелтушіге қате аудару.

2

Түсімдер басқармасының бас маман-бас қазынашысы (9 бірлік)

Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына және басқа да шоттарға түсімдерді есепке жатқызу, "ұлттық валютада анықталғанға дейін өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сомалар" шоты бойынша операциялар бойынша төлем тапсырмаларын енгізу/бекіту, тиісті бюджеттер арасында бөлу нормативтерін енгізу.

Кассалық шығыстар сомасын дұрыс қалпына келтіру.

Ақшаны жөнелтушіге қате аудару.

3

Персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асыру

Үміткерлермен байланысу ықтималдығы

4

Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы (3 бірлік)

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу

Үміткерлермен байланысу ықтималдығы

 

 

Дата публикации
04 ноября 2024
Дата обновления
04 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы