Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Аққайың аудандық қазынашылық басқармасы

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Операциялық бөлімнің басшысы

 

«Қазынашылық-Клиент» ҚБАЖ-ға түскен төлем шоттарын тексеру және өңдеу

Түпкілікті есеп айырысу кезінде объектіні пайдалануға қабылдаудың қол қойылған актісін тіркеместен төлемге шот жүргізу бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану тәуекеліне әкеп соғады;

Шығыстар жіктемесінің экономикалық ерекшеліктерінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкес келмейтін төлем тағайындаумен төлем шотын жүргізу бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану тәуекеліне әкеп соғады.

2

Шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы

Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу.

 

 

 

ЖСҚ-ның қолданылу мерзімі шегінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын, мемлекеттік органның ЖСҚ бекіту туралы бұйрығын тіркемей, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің)шешіміне сәйкес жасалған шартты тіркеу,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің) шешіміне сәйкес жасалған шартты Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің) тиісті шешімін тіркеусіз тіркеу.

3

Аққайың аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

Клиенттердің құжаттамасын жүргізу

 

Қол қою құқығы туралы бұйрықсыз клиенттердің қолтаңбаларының үлгілерін жүргізу.

Қызметкерді жұмысқа қабылдау

Тапсырылған декларациясы жоқ қызметкерді тағайындау

 

 


 

 

Дата публикации
25 октября 2024
Дата обновления
25 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы