Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1. |
Персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы, қызметкерлері |
Бос және уақытша бос орындарға конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру;
|
Бос және уақытша бос орындарға арналған конкурс кезінде кандидаттарға сұрақ - жауаптарын беру; |
|
Департаменттің және АҚҚБ қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану туралы Департамент басшылығына ұсыныс енгізу; |
Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастауға ұсыныс беру; |
||
|
2. |
Электрондық депозитарий бөлімінің басшысы, қызметкерлері |
Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау үшін, әлеуетті өнім берушілермен веб-портал арқылы енгізілген мәліметтер мен құжаттарын қараған кезде дұрыс шешім қабылдау (растау туралы немесе растаудан бас тарту туралы) |
Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан кезде сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі бар әрбір жыл үшін бір пайыз (1%) мөлшерінде шартты жеңілдік берілуіне байланысты негізсіз жеңілдікке ие болу (расталған жағдайда), немесе шартты жеңілдікті ала алмай қалу (растаудан бас тартқан кезде) |
|
3. |
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, қызметкерлері |
Мемлекеттік мекемелерге код беру, шоттарды ашу туралы өтінім хаттарды қабылдау, тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбалардың келісім шарттарын және олардың қосымшаларын тексеру |
Мемлекеттік мекемелерге код беру, шоттарды ашу туралы өтінім хаттарды қабылдау, тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбалардың келісім шарттарын және олардың қосымшаларын тексеру кезінде адамдармен тікелей қарым-қатыныста болу, кейбір мемлекеттік органдарға айрықша көңіл бөлу мүмкіндігі |