Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1. |
Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы |
3.9. тармағы Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті шарттарды тіркеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы: Инкассалық өкімдері қойылған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуді жүзеге асырмауды қадағалау. |
Белгілі бір мемлекеттік мекемелерге артықшылық беру мүмкіндігі |
|
3.19. тармағы Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті шарттарды тіркеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу кезінде тәуекелділігі анықталған критериялар бойынша мәліметтерді беру. |
Қате мәліметтерді растау, жасырып қалу |
||
|
2. |
Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті шарттарды тіркеу бөлімінің бас маман-бас қазынашысы (5 бірлік) |
3.2. тармағы Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті шарттарды тіркеу бөлімінің бас маман-бас қазынашысының лауазымдық нұсқаулығы: Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз тасығышта келіп түскен азаматтық-құқықтық мәмілелені тіркеуге арналған өтінімдерінің Ережеге сәйкестігін тексеріп, шарттар (қосымша келісімдер) нысанында тіркеуді жүзеге асыру. |
Мемлекеттік мекемелердің құжаттарын өндеу кезінде негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі |