Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.

Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

Ақтөбе облысы бойынша Темір аудандық қазынашылық басқармасы

 

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Басқарма басшысы

(1 бірлік)

Лауазымдық нұсқаулықтың 3.3.9 тармағы: Басқарма қызметкерлерін іріктеу, қабылдау, босату, іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстеме белгілеу және сыйақы беру мәселелерін шешуге;

 

Лауазымдық нұсқаулықтың 3.24 тармағы: мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің  орындалусыз қайтарылған құжаттарының негізділігіне бақылау жүргізуге;

 

конкурстық іріктеуді формальды өткізу, белгілі бір  конкурсқа қатысушыға конкурс сұрақтарын тарату;

Тәртіптік жазасы бар қызметкерді жасыру және тәртіптік жазасы алынып тасталмаған бар қызметкерді көтермелеу ықтималдығы сыбайлас жемқорлық фактілерін жасыру, лауазымдық міндеттерін  тиісінше орындамау

2

Басқарма басшысының орынбасары

(1 бірлік)

Лауазымдық нұсқаулықтың 3.17  тармағы: Түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына (анықтамалары), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына, сонымен қатар өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан мемлекеттік мекемелер алатын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының (анықтамалары) орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

мемлекеттік мекемелердің қаржылық құжаттарын формальды негіздер бойынша  қабылдамау мүмкіндігі және  белгілі бір тұлғаларға артықшылық беру

 

3

Бас маман-бас қазынашы

(1 бірлік)

Лауазымдық нұсқаулықтың 3.5 тармағы: мемлекеттік мекемелердің азаматтық құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру

 

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімдерін формальды негізде қайтару мүмкіндігі және белгілі бір тұлғаларға артықшылық беру

4

Бас маман-бас қазынашы

(2 бірлік)

Лауазымдық нұсқаулықтың 3.8 тармағы: Мемлекеттік мекемелердің, өзін-өзі басқару органдарының төлеуге берілетін шоттарын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлем тапсырмаларын уақытылы қабылдау, бақылау бекіту.

Төлем құжаттарын негізсіз қайтару, сыбайлас жемқорлық фактілерін жасыру, лауазымдық міндеттерін  тиісінше орындамау

 

 

Дата публикации
06 сентября 2024
Дата обновления
05 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы