Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің электрондық депозитарий бөлімі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Электрондық депозитарий бөлімінің басшысы (1 бірлік) |
Лауазымдық нұсқаулықтың 3.12 тармағы: Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы енгізген жобалау жөніндегі жұмыстарды қаралуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мәліметтер мен құжаттарды растау кезінде, шешім қабылдауға; |
ЭД мәліметтері мен К2 АЖ деректері сәйкес келмеген кезде жұмыс тәжірибесін растау, ЭД жауапты орындаушысының байқаусыздығына және, демек, ЭД-дағы жұмыс тәжірибесін соңғы (олардың) байқамай растауына байланысты. |
|
2 |
Электрондық депозитарий бөлімінің бас маманы (4 бірлік) |
Лауазымдық нұсқаулықтың 3.4 тармағы: Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылдың 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау үшін қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде төлеуге төленген шот бойынша растайтын құжаттың (объектіні пайдалануға қабылдау актісінің) сәйкестігіне салыстырып тексеруді жүзеге асыруға;
|
Эд мәліметтері мен К2 АЖ деректері сәйкес келмеген кезде жұмыс тәжірибесін растау, ЭД жауапты орындаушысының байқаусыздығына және демек, ЭД-дағы жұмыс тәжірибесін соңғы (олардың) байқамай растауына байланысты. |