Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы

№ р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шаққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Басқарма басшысы

Басқарманы басқарады, жалпы басқаруды жүзеге асырады

Ұйымдастыру, жоспарлау, есеп беру, бизнес-процестердің орындалуын бақылау (жоспарлар/ММ анықтамаларын жүргізу; азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу; төлем шоттарын/КСС төлем тапсырмаларын жүргізу).

 

- Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану немесе оларды асыра пайдалану қаупі;

  - Материалдық қажеттіліктерді немесе басқа да жеке мүдделерді қанағаттандырумен байланысты жеке мәселелерді шешуде өз қызметтік өкілеттіктерін пайдалану, сонымен қатар туыстардың мүдделерінде;

  - Материалдық ресурстарды жеке мақсаттарда пайдалану;

 - Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану немесе оларды асыра пайдалану қаупі:

 - Қаржылық құжаттарды орындауды жасанды түрде кідірту;

 - Қажет етілмеген қосымша құжаттарды талап ету;

  - Түскен құжаттарды орындаудан заңсыз бас тарту;

 - Бюджет заңнамасының нормаларын бұза отырып немесе тиісті түрде ресімделмеген қаржылық құжаттарды қабылдау және орындау;

2

Басшының орынбасары

Басшының болмаған жағдайларда басқарманы басқарады, жалпы басқаруды жүзеге асырады.

Басшының болмаған жағдайларда ұйымдастыру және басқару шешімдерін қабылдау:

 - Материалдық қажеттіліктерді немесе басқа да жеке мүдделерді қанағаттандырумен байланысты жеке мәселелерді шешуде өз қызметтік өкілеттіктерін пайдалану, сонымен қатар туыстардың мүдделерінде;

  - Мүдделер қақтығысы;

  - Материалдық ресурстарды жеке мақсаттарда пайдалану;

3

Бас маман – бас қазынашы

Бизнес-процестерді жүзеге асыру (жоспарлар/ММ анықтамаларын жүргізу; азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу; төлем шоттарын/КСС төлем тапсырмаларын жүргізу)

Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану немесе оларды асыра пайдалану қаупі:

   - Қаржылық құжаттарды орындауды жасанды түрде кідірту;

   - Қажет етілмеген қосымша құжаттарды талап ету;

   - Түскен құжаттарды орындаудан заңсыз бас тарту;

   - Бюджет заңнамасының нормаларын бұза отырып немесе тиісті түрде ресімделмеген қаржылық құжаттарды қабылдау және орындау;

   - Қызметтік нұсқауларды орындау процесінде дискредиттеуші факторлардың туындауы;

   - Басшылықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдеріне әсер ететін ақпаратты дайындау кезінде ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі.

 

Дата публикации
22 августа 2024
Дата обновления
22 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы