Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Операциялық бөлімінің басшысы |
ҚР бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен клиенттердің төлемдерін тексеріп, өткізіп және бекіту. Заңнамаға, нормативтік құқықтық актілерге, қайшы келетін құжаттарды орындаусыз қайтару. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің, нормативтік құқықтық актілердің орындалуының сақталуын қамтамасыз ету. Бюджеттік шоттар бойынша инкассолық өкімдер түсуіне байланысты жұмыс жүргізу, уақытымен тоқтату, ашу операцияларын жүргізу, клиенттерге уақытылы хабарлау. |
Бұзушылықпен төлемдерді өткізу. Заңнамаға, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес клетін құжаттарды өткізбеу. Инкассалық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердің шоттары бұғатталмай төлемдерінің өтіп кетуі немесе уақытылы ашылмай өткізбей қою. |
|
2 |
Ұлытау аудандық қазынашылық басқармасының басшының орынбасары |
Басқарманың қызметін өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болу. |
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру кезінде, атап айтқанда, құжаттармен жұмыс істеу кезінде жеке және заңды тұлғалармен тікелей байланыстың болуы. Жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға преференциялар беру мүмкіндігі. |