Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті
|
р/с № |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Операциялық бөлімінің басшысы |
ММ уақтылы және сапалы қызмет көрсетілуін бақылау; «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шоттарын өңдеуді жүзеге асыру; күн құжаттарының қалыптасырылуын қамтамасыз ету; бөлім мамандарының ММ төлеуге берілетін шоттарын орындаусыз қайтаруының негізділігін бақылау. |
бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі; төлеуге берілетін шоттарды мерзімдерін кешіктіріп өткізу; ММ төлеуге берілетін шоттарын негізсіз қайтару.
|
|
2 |
Бюджеттерді атқару бөлімінің басшысы |
жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардан қабылданған түсімердің және қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарларын, қаржыландырудын жеке жоспарларын бақылау; түсімердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, қаржыландырудын жеке жоспарларын ҚБАЖ жүйесіне енгізуді жүзеге асыру; қаржыландыру жоспарларына өзгерістердің енгізілуін бақылау; бөлім мамандарының ББӘ жоспарларын/ анықтамаларын орындаусыз қайтаруының негізділігін бақылау. |
бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі; мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес келмейтін қаржыландырудың жиынтық және жеке жоспарларын жүйеге жүктеу; қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге арналған анықтамаларды растайтын құжаттарынсыз енгізу.
|
|
3 |
Түсімдер бөлімінің басшысы |
түсімдерді бөлу нормативтерін енгізіп, тексеру және бақылау; бюджетке түсетін түсімдерді бөлу нормативтеріне өзгерістер енгізу; бюджетке түсетін түсімдерді тексеріп, есепке алу, бюджет түсімдері бойынша анықталмаған сомаларды 902 шотқа есепке алу; шығыстардың БСК және 902 шотқа, ММ шоттарына және басқа да шоттарға түсетін түсімдермен жұмыс істеу үшін қажетті басқа да мәліметтерді тексеру; мемлекеттік кірістер органдарының төлем құжаттары бойынша түсімдерді қайтару және көшіру операцияларын жүргізу. |
кассалық шығыстары қалпына келтіру кезінде бастапқы төлеуге берілетін шотты салыстырмай есепке алу мүмкіндігі; жоспар болмаған жағдайда, ақылы қызметтер үшін сомаларды немесе ақылы қызмет көрсету жоспарында көзделмеген сомаларды есепке алу мүмкіндігі; 902 шоттан бенефициардың қате деректемелеріне сомаларды аудару мүмкіндігі; бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі. |
|
4 |
Шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы |
АҚМ тіркеулуін бақылауды жүзеге асыру; орындаусыз қайтарылған және қабылданбаған құжаттарды бақылау. |
тіркеуге түсу кезектілігін бұза отырып, өтінімді өткізу мүмкіндігі; өтінімді өңдеуді кешіктіру мүмкіндігі; өтінімді негізсіз қабылдамау немесе қателерді толық көрсетпеу мүмкіндігі. |
|
5 |
ҚБШ бойынша төлемдерді өткізу бөлімінің басшысы |
төлем құжаттарын уақтылы және дұрыс бекіту; құжаттарды қайтарудың дұрыстығы; күн құжаттарының қалыптастырылуын қамтамасыз ету; ММ/КСС ҚБШ тексеруді жүзеге асыру. |
төлеуге берілетін шоттарды өткізген кезде бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі; төлеуге берілетін шоттарды уақтылы өткізбеу; төлеуге берілетін шоттарды негізсіз қайтару. |
|
6 |
Ведомстволық бақылау және тәуекелдер бөлімінің басшысы |
ведомстволық бақылау, Департаменттің аумақтық органдарының қызметіне ведомстволық дистанциялық бақылау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық ету; ведомстволық бақылау жүргізуді ұйымдастыру, бақылау нәтижелерін талдау, анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша қорытынды жасап, басшылыққа ұсыну. |
тексеруден «алыстату» мүмкіндігі; тексеру жүргізген кезде бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі.
|
|
7 |
Ведомстволық бақылау және тәуекелдер бөлімінің бас маманы |
бақылау объекісіне шығып, А(Қ)ҚБ қызметін тексеруді жүзеге асыру; А(Қ)ҚБ қызметін дистанциялық бақылауды жүзеге асыру, анықталған бұзушылықтар бойынша есепті жасап, бөлім басшысына ұсыну. |
тексеру жүргізген кезде бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі; анықталған бұзушылықтар бойынша есепті жасап, бөлім басшысына ұсынған кезде барлық бұзушылықтарды көрсетпеу мүмкіндігі. |
|
8 |
Ведомстволық бақылау және тәуекелдер бөлімінің бас маманы |
бақылау объекісіне шығып, А(Қ)ҚБ қызметін тексеруді жүзеге асыру; А(Қ)ҚБ қызметін дистанциялық бақылауды жүзеге асыру, анықталған бұзушылықтар бойынша есепті жасап, бөлім басшысына ұсыну. |
тексеру жүргізген кезде бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі; анықталған бұзушылықтар бойынша есепті жасап, бөлім басшысына ұсынған кезде барлық бұзушылықтарды көрсетпеу мүмкіндігі. |
|
9 |
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы |
ММ/КСС және қазынашылық қолдау кезінде бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің құжаттар жинағын қалыптастыру; ММ/КСС және қазынашылық қолдау кезінде бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге кодтар беру және оларды жабу; ҚБШ және шоттарды ашу, жабу. |
кодтарды, ҚБШ және шоттарды ашатын, сонымен қатар құжаттар жинағын қалыптастыруға құжаттар ұсынатын заңды тұлғалардың мүдделерін аулау. |
|
10 |
Персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы |
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық процедуралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылауды қамтамасыз ету. |
конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы негізсіз шешiм қабылдау; конкурс комиссиясының құрамы туралы деректерді, кандидаттарға конкурс сұрақтарының және эссе тақырыптарының тізімін жария ету. |
|
11 |
Электрондық депозитарий бөлімінің басшы |
мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізуді қамтамасыз ету; әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі бойынша мәліметтері мен құжаттарын сапалы әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету; әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі бойынша мәліметтері мен құжаттарының дұрыстығын растау немесе растамауды жүзеге асыруды бақылау; өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушілер жалған ақпарат ұсынған кезде ҚР ҚМ ҚК бұғаттауға уақтылы жолдау және сотқа талап беру. |
бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі; негізсіз себептер бойынша мәліметтерді қайтару мүмкіндігі. |
|
12 |
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
бюджет қаражатының игерілуін ұйымдастыру және бақылау; жалақының, бюджетке, зейнетақы қорларына және т.б. аударымдардың есептелуін және мерзімінде аударылуын, сондай-ақ қызметкерлерге іссапар шығындарын уақтылы төлеуді қадағалау. |
талдау және мониторинг объектілеріне қатысты шешім қабылдауға ықпал ететін дәйексіз көрсеткіштерді қалыптастыру мүмкіндігі |
|
13 |
Қазынашылық жүйесін технологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы |
«Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымы жүйесін сүйемелдеу; ҚБАЖ жүйесі мен жергілікті есептеу торабындағы жұмыс барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу; ҚБАЖ-да пайдаланушыларды және олардың өкілеттіктерін ашуға, жабуға, тағайындауға, бұғаттауға және бұғаттаудан шығаруға арналған өтінімдерді келісу; «Қазынашылық-клиент» электрондық жүйесінде ақша алушылардың деректемелерінің енгізілуін, жаңартылуын, өзгертілуін мониторингтеу; Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде өткізілген қаржы құжаттарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру. |
ақпараттық қауіпсіздікті бұзу фактілерін жасыру тәуекелі.
|