Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі 

Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті Электрондық депозитарий бөлімі

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым (бірлік саны)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Электрондық депозитарий бөлімінің басшысы - 1 бірлік

Электрондық депозитарий бөлімі басшысы  лауазымдық нұсқаулығының 3.3 тармағы: Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар мен мәліметтердің анықтығын растау үшін Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы енгізген орындалған жұмыстар бойынша мәліметтер мен құжаттардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мәліметтер мен құжаттарды растау кезінде шешім қабылдауға

Өнім берушілердің мәліметтерін заңға қайшы растау мүмкіндігі. Белгілі бір өнім берушілерге артықшылық көрсету. Өнім берушілердің шынайы емес ақпаратын жасыру мүмкіндігі.

2

Электрондық депозитарий бөлімінің бас маманы – 2 бірлік

Электрондық депозитарий бөлімі бас мамандары лауазымдық нұсқаулығының 3.1, 3.2  тармақтары: Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар мен мәліметтердің анықтығын растау үшін Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы енгізген орындалған жұмыстар бойынша мәліметтер мен құжаттардың қарауды жүзеге асыруға; Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы енгізген орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерді түзетуді жүзеге асыруға;

Өнім берушілердің мәліметтерін заңға қайшы растау мүмкіндігі. Белгілі бір өнім берушілерге артықшылық көрсету. Өнім берушілердің шынайы емес ақпаратын жасыру мүмкіндігі.

 

 

Дата публикации
21 августа 2024
Дата обновления
05 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы