Меню

Страницы

Статья

Қазынашылық комитетінің (Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізілімі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізілімі

Қазынашылық комитеті (Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті) 

№

р/н

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы

Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы Ж.Ш.Киянбековтің лауазымдық нұсқаулығының 3.3.1. тармағы:

Департамент қызметін өз құзіреті шегінде қамтамасыз ету және Департаментке жүктелген міндеттер мен өз функцияларын іске асыру.

Мемлекеттік мекемелердің құжаттарын өңдеу барысында негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі

Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы Ж.Ш.Киянбековтің лауазымдық нұсқаулығының 3.3.9. тармағы:

Департамент қызметкерлерін іріктеу, қабылдау, босату, іс сапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстеме беогілеу және сыйақы беру мәселелерін шешу.

Нақты адамдарға ықтимал көрсету мүмкіндігі

2

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы орынбасары Д.А.Калиевтің лауазымдық нұсқаулығының 3.3. тармағы:

Департамент қызметін өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету және өз функцияларын іске асыру

Мемлекеттік мекемелердің құжаттарын өңдеу барысында негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы орынбасары Д.А.Калиевтің лауазымдық нұсқаулығының 3.20. тармағы: Департамент басшысы және Департамент басшының орынбасарлары арасында міндеттерді бөлуге сәйкес, жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер бойынша функцияларды жүзеге асыру

Мемлекеттік мекемелердің құжаттарын өңдеу барысында негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы орынбасары Д.А.Калиевтің лауазымдық нұсқаулығының 3.21., 3.28., 3.29., 3.30. тармақтары:

-   Электрондық депозитария бөлімінің жұмысын үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;

-   Жиынтық жоспарларды және мемлекеттік мекемелердің  міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке жоспарларын енгізу және түзету бойынша жұмыстарды үйлестіру және оған бақылау жасауды қамтамасыз етуге;

-    Бюджетке, мемлекеттік мекемелердің шоттарына және басқа шоттарға түсетін түсімдерді есепке алу бойынша жұмыстарды үйлестіру және оған бақылау жүргізуд қамтамасыз етуге;

-   Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау.

Құжаттарды өңдеу барысында негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі

3

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы

 

 

 

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы орынбасары Б.Ж.Шакеновтің лауазымдық нұсқаулығының 3.3. тармағы:

Департамент қызметін өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету және өз функцияларын іске асыру

Мемлекеттік мекемелердің құжаттарын өңдеу барысында негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы орынбасары Б.Ж.Шакеновтің лауазымдық нұсқаулығының 3.20. тармағы: Департамент басшысы және Департамент басшының орынбасарлары арасында міндеттерді бөлуге сәйкес, жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер бойынша функцияларды жүзеге асыру

Құжаттарды өңдеу барысында негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі

Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы орынбасары Б.Ж.Шакеновтің лауазымдық нұсқаулығының 3.21., 3.23., 3.26., 3.27. тармақтары:

-        Клиенттердің қаржылық және төлем құжаттарын қаблдау және алдын-ала бақылау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестру;

-       Мемлекеттік мекемелердің «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы жүзеге асырылатын қаржы құжаттарының уақытылы өңделуін бақылауды қамтамасыз етуге;

-       Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау;

-       Департаменттің және аумақтық органдарының қызметкерлеріне ҚИАЖ жұмыс істеу үшін қкілеттіктің берілуін бақылауды қамтамасыз етуге.

Құжаттарды өңдеу барысында негізсіз қайтаруға жол беру мүмкіндігі

  

Дата публикации
21 августа 2024
Дата обновления
18 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы