Меню

Страницы

Статья

2026 жылы мобильді аударымдар туралы не білуіңіз керек

Мобильді аударымдарды бақылау

 Мобильді аударымдарды бақылау өлшемшарттары

Бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына (шоттарына) қатарынан күнтізбелік әрбір үш ай ішінде  100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан ақша қаражатын алуы, сондай-ақ көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда бақылауға жатады (бұдан әрі – өлшемшарт).

Анықтама үшін: 2026 жылы ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, 12 ЕТЖ = 1 020 000 теңге.

Аталған критерийлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген.

Анықтама үшін: екінші деңгейдегі банктер тек алушының ЖСН-ын және кезең бойынша түскен жиынтық соманы ғана (теңгемен) ұсынады.

 Екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерді ұсынуы

Екінші деңгейдегі банктер мәліметтерді салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын, тек жоғарыда көрсетілген өлшемшарттар қатар орындалған жағдайда ғана, ұсынады.

Мәліметтерді алғаннан кейін салық органының әрекеттері

Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады.

Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні табыс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді.

Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.

Екінші кезең – бақылау шаралары.

Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады.

Хабарламаны орындау оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Анықтама үшін: хабарламаны орындау болып мыналар танылады:

сәйкессіздіктермен келіскен жағдайда – салық есептілігін ұсыну;

сәйкессіздіктермен келіспеген жағдайда – түсіндірме ұсыну.

Шығыс операцияларын тоқтата тұру

Жеке тұлғаның белгіленген өлшемшартқа сәйкес келуі банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату үшін дербес негіз болып табылмайды.

Шығыс операцияларын тоқтату тек камеральдық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген хабарламаны орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша ғана жол беріледі.

Дата публикации
17 января 2024
Дата обновления
29 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы