Меню

Страницы

Статья

ЖТС, сыйға алынған жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі мүліктік кіріс

 Даулар түрі: салықтық даулар

Салық төлеушінің санаты: жеке тұлға

Салық түрі: ЖТС

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі-уәкілетті орган) «Т» жеке тұлғаның Мемлекеттік кірістер аумақтық департаментінің (бұдан әрі - салық органы) төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу туралы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға апелляциялық шағымын алды.

Іс материалдарына сәйкес, салық органы салық төлеушінің 2021ж.01.01. бастап 2021ж.31.12. аралығындағы кезеңдегі камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентінің) орындамауы мәселесі бойынша «Т» ЖТ тақырыптық салықтық тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша 38 750,0 мың теңге сомасында салық салынбайтын кірістерден жеке табыс салығын (ЖТС) және 4 470,8 мың теңге өсімпұл есептеу туралы хабарлама шығарылды.

«Т» ЖТ салық органының қорытындыларымен келіспей, апелляциялық шағыммен жүгінді, онда салық органының шешімінің күшін жоюды сұрайды.

Салық кодексінің 331-бабының 2 және 7-тармақтарын бұза отырып, «Т» ЖТ мүлікті өткізу өсімінен 387 500,0 мың теңге сомаға табыс бойынша 2021 жылға арналған жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбағаны, осыған байланысты 2021 үшін төлем көзінен салық салынбаған ЖТС 38 750,0 мың теңге сомасында ұсталмады.

«Т» ЖТ салық органының осы қорытындысымен келіспейлі, себебі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017ж.25.12 Қазақстан Республикасы Кодексінің 520-бабының 2 тармағына сәйкес, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салықтық база болып табылады.

«Т» ЖТ объектіні қайта жаңарту және жаңғырту мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгенін, олар бойынша жалпы сомасы 391 000,0 мың теңгеге шығыстар жұмсалғанын келтірді. Тексеру барысында аталған шығыстарды салық органы есепке алмаған.

Сондай-ақ, Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссия отырысының 2016ж.29.09. хаттамаларына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының                                          5) тармақшасының және 7-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес 2014ж.30.06. мүлікті жария етуіне байланысты Астана қ. (кадастрлық ХХ, инвентарлық ХХ) мекенжайында орналасқан тұрғын емес үй-жай жария етілді.

Осыған байланысты, «Т» ЖТ Заңының 10-1-бабының 4-тармағына сәйкес жария ету субъектісінің салық міндеттемесі осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде тоқтатылуға жатады.

«Т» ЖТ дәлелдерін тексеріп, салық органы ұсынған материалдарды зерттегеннен кейін уәкілетті орган мынадай қорытындыға келді.

Салық кодексінің 331-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды.

Салық кодексінің 331 – бабының 2-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды.

Салық кодексінің 331-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа да жағдайларда, осы баптың 1-тармағының 5), 6) және                 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Осылайша, Салық кодексінің жоғарыда аталған бабына сәйкес, сыйға тарту шартының негізінде алынған жылжымайтын мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін кіріс сату бағасы (құны) болып табылады.

Қаралып отырған жағдайда салық органы ұсынған құжаттардың көшірмелеріне (шарттар, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Астана қаласы бойынша филиалының    жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының болуы және ауыртпалығы туралы мәліметтер) сәйкес Сыйға тартушы мен Сыйға тартылушы («Т» ЖТ) арасында тұрғын емес үй-жайды жермен сыйға тарту шарты 2009ж.10.07. жасалды, 1 және 3-тармақтарда айқындалған:

Сыйға тартушы Астана қаласы мекенжайында орналасқан, ауданы 1.8053 га, кадастрлық нөмірі XX жер учаскесінде орналасқан тұрғын емес үй-жайды өтеусіз берді.

Сый алушы бұл сыйлықты ризашылықпен қабылдады.

Сондай-ақ, 2021ж.18.03. жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартында Сатушы («Т» ЖТ) сатқаны, ал Сатып алушы («Д» Компаниясы) Нұр-сұлтан қаласы мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті 387 500,0 мың теңгеге меншікке сатып алғаны анықталды.

Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағына сәйкес Салық төлеушінің кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Осылайша, сыйға тарту шарты бойынша бұрын алынған жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі құнның өсуі, иелік ету мерзіміне қарамастан, бұл жағдайда сатудың барлық бағасы (құны) 387 500,0 мың теңге сомасында болып табылады және 10% мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС салық салуға жатады.

Сондай-ақ, «Т» ЖТ Салық кодексінің 332-бабы 3-тармағының ережесіне сілтемесі қарастырылып отырған жағдайда жеке тұлғаның мүлікті сатуы кезінде құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасында пайда болуына байланысты дәрменсіз екенін атап өткен жөн.

Бұдан басқа, сыйға тарту шарты бойынша бұрын алынған жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде алынған табыс, өткізу мерзіміне қарамастан, сатудың барлық бағасы (құны) болып табылатындықтан, жақсартуға жұмсалған шығындарды қосу бөлігінде «Т» ЖТ дәлелдері де дәрменсіз.

Салық кодексінің 320-бабы 1-тармағының, 1-тармағының 6) тармақшасының, 2-тармағының және 331-бабы 7-тармағының 3) тармақшасының нормаларын ескере отырып, 2021 жылы салық тексеру нәтижелері бойынша төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС есептеу негізді болып табылады.

Апелляциялық комиссия отырысының нәтижелері бойынша – шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама – өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын деген шешім қабылданды.

Дата публикации
26 июня 2023
Дата обновления
26 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы