Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 1409 бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті 2 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде:
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;
Нұр – Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта жол бермеу ұсынымдарымен анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жоюға 2 шешім жіберілді.
Объектілер бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту арқылы бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдады, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарларын әзірледі.
Жол берілген бұзушылықтар үшін 2 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объектілері жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.
Департамент объектілерде ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.