Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 және «Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 және

«Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы»

2025 жылғы 28 сәуірдегі № 199  бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:

көрсетілген Қағидаларға 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын:

көрсетілген Қағидаларға 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және
4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының           Қаржы министрі

 

 

 

 

М. Такиев

 

бұйрық
Дата публикации
17 апреля 2026