ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары

Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2026 жылдың 1 тоқсанында 9 отырыс өткізді және салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 52 шағымы қаралды.

Қаралған 52 шағымның толық немесе бір бөлігінде 21 тексерудің нәтижелері немесе бизнес пайдасына қаралған шағымдардың жалпы санының 40% - ы жойылды. Бизнестің пайдасына жойылған тексеру нәтижелерінің үлес салмағының өсуі, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайыздық тармаққа (32% - дан 40% - ға дейін) ұлғайды. 

Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 95 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 1137 шешім орналастырылды, соның ішінде 2026 жылдың 1 тоқсанында 21 шешім орналастырылды. 

Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» және Қазақстан кедендік делдалдарының (өкілдерінің) ассоциациясы бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.

Дата публикации
09 апреля 2026