Фискалдық деректер операторларының тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 5-тармағының
3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін фискалдық деректер операторларының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 469 «Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін фискалдық деректер операторларын айқындау туралы» бұйрығын күші жойылсын.
- Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің
орынбасары – Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев____________________
20__ жылғы «____» ____________