«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен және кеңсе керек-жарақтармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мемлекеттік органдар үшін жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

Ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджет комиссиясы, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары қолданылмайды.

Мемлекеттік органдар ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджет комиссиясы, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметінің ерекешелігін ескере отырып, қажет болған жағдайда кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің ішкі тәртібін дербес әзірлейді және бекітеді.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметтік және кезекші автомобильдерді пайдалану, сондай-ақ кезекші, оның ішінде қонақтарға арналған автомобильдерді пайдалана алатын адамдарды анықтау белгіленген жүру лимитінің шегінде орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамның), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

        М. Такиев

«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
19 декабря 2025