«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:

53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарланатын шығыстар түрлері бойынша 154, 155, 156 және 157 есептеулер осы Қағидаларға 62-қосымшаға сәйкес жасалады.»;

55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«55. 01-372 нысаны инновациялық гранттар мен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне гранттарды төлеуге шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 72-қосымшаға сәйкес жасалады.

  1. 01-373 нысаны білім беру ұйымдарына гранттарды төлеуге арналған шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 73-қосымшаға сәйкес жасалады.»;

77-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;

95-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың паспортына қол қойылған өзгерістерді тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабарлама тәртібімен жібереді.»;

96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«96. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары, бюджеттік бағдарламалар паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат қол қойылған және қалыптастырылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Кодекстің 40-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің интернет-ресурсына орналастырылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 72 және 73-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және                  3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі                                                                       М. Такиев

«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
19 декабря 2025