«Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2025 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №814 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде
2025 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №814 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2025 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және мемлекеттік органдардың бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодтары бойынша түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін салықтық, кедендік және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы Д. Кеңбеил