Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпараттың нысанын, сондай-ақ оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

 

Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпараттың нысанын, сондай-ақ оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 543 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйегінде № 36969 болып тіркелді

 

 «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
23-бабы 1-1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Бекітілсін:

1)  осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы сұратылатын ақпарат нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидалары мен мерзімдері.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпараттың нысанын, сондай-ақ оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Дата публикации
03 октября 2025