Астана қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2025 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 385 қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар;
2) көлемі:
Астана қаласы – 1 335 291 000 (бір миллиард үш жүз отыз бес миллион екі жүз тоқсан бір мың) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтер салуды қаржыландыру.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев