Жетісу облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жетісу облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жетісу облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2025 жыл;

бағалы қағаздардың түрі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 385 қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар;

2) көлемі:

Жетісу облысы – 1 417 892 000 (бір миллиард төрт жүз он жеті миллион сегіз жүз тоқсан екі мың) теңгеден артық емес;

3) нысаналы мақсаты – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтер сатып алуды қаржыландыру.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                       М. Такиев

Дата публикации
23 июня 2025