должности, подверженные коррупционным рискам ДГД по городу Шымкент

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

1

Департаменттің Аудит басқармасының қызметкерлері

Cалық тіркелімдерін ұсыну туралы талаптарын тапсыру. Cалық тіркелімдерін ұсынбауға салық төлеуші әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

 

Cалық тіркелімдерін ұсынбағаны және (немесе) берілген салық тіркелімдерінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген көрсеткіштерге  сәйкес келмегені үшін салық төлеуші ескерту түріндегі әкімшілік жазамен шектеледі.

Ұсынылған салық тіркелімдерінің көрсеткіштерге, салық есептілігінің көрсетілген нысандарына сәйкес  келмеуіне байланысты, талаптарды бірнеше рет қою қажеттілігі туындайды.

Тәуекел: Ескерту түріндегі жазасымен айналып өту салық төлеушіге тексеруді кешіктіруге және соның салдарынан ескіру мерзімінің өтуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

қызыл

2

Департаменттің Камералдық мониторинг басқармасының қызметкерлері және АМКБ салықты әкімшілендіру және камералдық бақылау бөлімінің қызметкерлері

«Бұзушылықтар жойылған жоқ» мәртебесі бар камералдық бақылау хабарламалдары бойынша тақырыптық тексеру жүргізу туралы  алдын ала және соңғы шешім шығару және тапсыру

Салық кодексінің 96 бабына сәйкес, «бұзушылықтар жойылған жоқ» мәртебесі бар хабарламалар бойынша мемлекеттік кірістер органдары нақты хабарлама шеңберінде тақырыптық тексеру жүргізу үшін салық төлеушіеің атына алдын ала және соңғы  шешім жолдайды.

Бүгінгі күні бұл рәсім қағаз тасымалдығышта жүзеге асырылады, бұл салық төлеушіге  шешімді уақтылы шығаруды және  тапсыруды қиындатады, ал кейде бұл мүмкін емес етеді, өйткені салық төлеуші тіркелген мекен-жайы бойынша жоқ немесе шығарылған шешімдерімен танысудан әдейі жалтарады.

Сондай-ақ, шешімді қағаз жеткізгіште тапсыру әдісі мамандар мен салық төлеушілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етеді.

Тәуекелдің көрінісі:заңсыз пайдаға айырбастау үшін Мемлекеттік кірістер органның қызметкерінің шешімін жасыру, кідірту және манипуляциялау, ашық есептің болмау мүмкін.

Тәуекелге ықпал ететін факторлар: құжат айналымының қағаз нысаны, цифрлық растайтын тапсыру фактісінің болмауы, қызметкердің салық төлеушімен тікелей байланысы.

қызғылт сары

3

Департаменттің Кедендік әкімшілендіру басқармасының қызметкерлері

«Уақытша әкелу» кедендік рәсімінде тауарларға декларацияны ресімдеу

«Астана-1» АЖ деректерінің мониторингі нәтижесінде «уақытша әкелу» кедендік рәсімінде  ресімделген №57201/260324/1006592 тауардарға арналған декларация бойынша  мерзімді төлемдерді төлеу мерзімдері бұзылғаны анықталды.

Мәселен, тауардарға арналған декларацияда тек бір ай 2024 жылдың наурыз үшін мерзімді төлемдер төленді. 2024 жылдың сәуір мен мамыр үшін төлем жүргізілмеді, декларанттың Департаментке мерзімді  төлемдерді алу туралы өтініші де жоқ.

Кейіннін «уақытша әкелу» рәсімі  аяқталған кезде  «ішкі тұтыны үшін шығару» кедендік рәсімінде №57201/280524/1012416 тауарларға арналған декларация берілді, бірақ 2024 жылғы сәуір және мамыр айлары үшін мерзімдік КТжС тиесілі төлемді есепке алмаған.

Яғни, «уақытша әкелу» рәсімі аяқталған кезде кедендік төлемдер мен  салықтарды есептеу дұрыс жүргізілмеді, демек, 300 мың теңгеге жуық мөлшерде КТжС есептелмеді.

Айта кету керек, №57201/280524/1012416 тауарларға арналған декларация ресімдеу кезінде №50100/250918/00122 (ЭҚЖ бақылау) тәуекелдің құндық бейіні іске қосылды, алайда бақылау нәтижесінде бұзушылықтар анықталмағаны  көрсетілген.

Бұл жағдайда мерзімді төлемидерді төлеу мерзімдерін бұзу және  тиісінше қосымша есептемеу бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  туындауына ықпал етеді.

қызғылт сары

4

Департаменттің Тарифтік реттеу және камералдық кедендік бақылау басқармасының қызметкерлері

Камералдық кедендік тексеру жұмыстарын жүргізу

Кеден кодексінде камералдық кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаға тексерілетін құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізуді шектейтін заң нормасы жоқ.

Бұл ретте, Кеден кодексінің 418 бабының 15 тармағына сәйкес, өшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға өзінің қызметімен байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізуге құқылы емес.

Яғни, Кедендік кодекстің 418-бабының 15 тармағында регламенттелген, көшпелі кедендік тексеру кезінде шектеулердің бұл түрі бар.

Бұл мән-жайлар тексерілетін адам мен тексеруші лауазымды адаммен байланыста болған кезде камералдық кедендік тексеру  кезінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер енгізу арқылы жауапкершіліктен жалтару ықтималдығы бар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.

қызыл

 

       

 

 

должности, подверженные коррупционным рискам ДГД по городу Шымкент
Дата публикации
20 июня 2025