должности, подверженные коррупционным рискам ДГД по Карагандинской области

 

 № п/п

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы

Шешімдер қабылдайды және ұйымдастыру-шаруашылық функцияларды жүзеге асырады Бұйрықтар мен өкімдерге, құжаттарға қол қояды.

Өз қалауы бойынша шешім қабылдау, шешім қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық беру тәуекелі.

2

Мемлекеттік кірістер Департамент басшысының орынбасары

Шешім қабылдайды, жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын жалпы үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады. Өкімдер береді және олардың орындалуын бақылайды. Бұйрықтар мен өкімдерге, құжаттарға қол қояды.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдау қаупі. Пайда табу мақсатында ұймдастыру-басқару процесіне әсер ету мүмкіндігі.

3

Кедендік әкімшілендіру басқармасының бастығы

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеден бекеттеріне, сыртқы экономикалық қызмет бөлімшелеріне тексерулер жүргізеді және басқа да іс-шараларды жүзеге асырады, кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріске бақылауды жүзеге асырады.

Шешім қабылдау кезінде жеке және/немесе заңды тұлғаларға артық артықшылық беру, лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдау тәуекелі.

4

Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының бастығы

Нақты ұйымның қаржылық, сыртқы экономикалық және басқа да қызметіне аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Тексерулерден «бағыттау» немесе олардың санын көбейту мүмкіндігі.

5

Кедендік әкімшілендіру басқармасының Кедендік бақылау бөлім бастығы.

Кедендік рәсімдерді қолдану және талдау, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мәселелері бойынша кеден бекеттерінің қызметін басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыру, кеден бекеттеріне, ӨЭҚБ және басқа да іс-шараларға тексеру жүргізеді, құжаттарға қол қояды.

Шешім қабылдау кезінде жеке және/немесе заңды тұлғаларға артық артықшылық беру, лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдау тәуекелі.

6

Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының тауарларды шығарғаннан кейін көшпелі және камералдық кедендік тексерулер бөлімдер бастығы.

Кедендік тексерулер кезінде кеден, салық заңнамасының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Шешім қабылдау кезінде жеке және/немесе заңды тұлғаларға артық артықшылық беру, лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдау тәуекелі.

7

Кедендік әкімшілендіру басқармасының Кедендік бақылау бөлімінің бас маманы

Кедендік бақылау, тексеру және тінту нысанында кедендік бақылау жүргізеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау және қарау.

Белгіленген бұзушылықтарды жасыру, жеке және заңды тұлғаларға құжаттарды, мәліметтерді және сұрату іс жүзінде мүмкін емес басқа да мәліметтерді табыс ету міндетін жүктеу мүмкіндігі.

8

Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының тауарларды шығарғаннан кейін көшпелі және камералдық кедендік тексерулер бөлімінің бас маманы.

Кедендік бақылауды жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау және қарау.

Анықталған бұзушылықтарды жасыру, жеке және заңды тұлғаларға құжаттарды, мәліметтерді және сұрату іс жүзінде мүмкін емес басқа да мәліметтерді табыс ету міндетін жүктеу мүмкіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

должности, подверженные коррупционным рискам ДГД по Карагандинской области
Дата публикации
11 июня 2025