Баспасөз релизі «ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2020 жылдың 9 айы бойынша жұмыс қорытындылары»

Баспасөз релизі

«ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының                    2020 жылдың 9 айы бойынша жұмыс қорытындылары»

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша салық төлеушілерден 383 шағым түсті, яғни осыған ұқсас жылмен салыстырғанда түскен шағымның саны 32% көбейді.

Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссияның 17 отырысы өткізіліп, онда 283 шағым қаралды,  68 тексерістің нәтижесі немесе барлық қаралған шағымнан 24% толық немесе ішінара жойылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.egov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 462 шешім орналастырылды.

Дата публикации
05 ноября 2020