Баспасөз релизі
ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2019 жылғы жұмыс қорытындылары.
2019 жылы Аппелляциялық комиссияның 31 отырысы өткізілді. Онда 308 шағым қаралды, 99 тексерістің нәтижелері жойылды немесе барлық шағымдардың санынан 32% және қосымша есептелген 41,1 млрд. теңге көлеміндегі салықтар мен баждардың сомасы жойылды. 8 шағым бойынша 1,0 млрд.теңге сомасында ҚҚС қайтармау заңсыз деп танылды.
Аппелляциялық комиссияның 22 отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың өкілдері қатысты. Сондай ақ, Аппелляциялық комиссияның отырысына бақылаушы ретінде «Ақ Жол» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің депутаты және Қазақстан Республикасының Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары қатысты. Бақылаушылар отырыстың қорытындысы бойынша Апелляциялық комиссияның жұмысының әділдігін және шағымдарды объективті қарайтынын атап өтті.