Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2025 жыл;

бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2) көлемі:

Шығыс Қазақстан облысы – 6 861 546 000 (алты миллиард сегіз жүз алпыс бір миллион бес жүз қырық алты мың) теңгеден артық емес;

3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үйді және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                                     М. Такиев

Дата публикации
21 мая 2025