Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2025 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі:
Батыс Қазақстан облысы – 2 759 318 000 (екі миллиард жеті жүз елу тоғыз миллион үш жүз он сегіз мың) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үйді және (немесе) пәтерлерді сатып алуды қаржыландыру.
Министр М. Такиев