Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мыналарды:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев