ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары

Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2025 жылдың 1 тоқсаныңда 9 отырыс өткізілді және салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 47 шағымы қаралды.

Қаралған 47 шағымның 15-і толықтай немесе ішінара жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 32 %.

Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 43 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 1059 шешім орналастырылды, соның ішінде 2025 жылдың 1 тоқсанында 30 шешім орналастырылды. 

Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.

 

Дата публикации
01 апреля 2025