Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша жадынама

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ЖҰМЫС УАҚЫТЫ РЕЖИМІН САҚТАУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

Жұмыс уақыты – мемлекеттік қызметшінің еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт болып табылады.

Жұмыс уақыты режимі еңбекті ұйымдастырудың маңызды сұрақтарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс және екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның                 32-бабы 4-тармағына сәйкес, шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.  

Мемлекеттік органда икемді жұмыс уақыты режимін келесідей жағдайларда белгілеуге болады:

  • 1) мүгедектігі бар, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі

баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында қарт ата-аналары бар мемлекеттік қызметшілер және жүкті әйелдер үшін;

 2) мемлекеттік органның орналасқан жерінен алыс жерде тұратын адамдар үшін;

 3) жұмыскердің жұмыс уақыты режимін сақтауы дәлелді себептер бойынша мүмкін болмайтын өзге де жағдайларда.

Бұл ретте, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс, икемді жұмыс уақыты режимдері белгіленген мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтау бойынша талаптар қойылады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметте қашықтықтан жұмыс жасау және икемді жұмыс кестесінің тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті бұйрығында белгіленді.

Бұл мемлекеттік қызметшілердің жағдайларына (жанұя, денсаулығы және т.б.) байланысты өзара жұмыс берушімен пысықталып, икемді шешімге келуге үлкен септігін тигізеді.

Икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі алты айдан аспауы тиіс және тараптардың келісімі бойынша қолдану кезеңі ұзартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, жұмыс уақыты режимінің бұзылғаны үшін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген жауаптылықта болады.

Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру жауапкершілікке әкеліп соғады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 89-бабына сәйкес (жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру) мемлекеттік органдарда жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырған жағдайда лауазымды тұлға (жұмыс беруші) әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

          Егер Сізге қатысты заңнамамен көзделген кепілдіктер сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне жүгіну құқығыңыз туралы түсіндіреміз.    

Дата публикации
28 марта 2025