«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Аппарат басшысы
_____________ Е. Егемберды
«_____» __________ 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары
|
р/с№ |
Іс-шараның атауы |
Орындалу мерзімі |
Аяқтау нысаны |
|
1. |
Министрлік Комитеттерінің және оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің (бұдан әрі - ӘЖУ) қызметімен танысу |
Наурыз
|
ӘЖУ-мен кездесу
|
|
2. |
ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу, болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен көшпелі түсіндіру кездесулерін өткізу, азаматтар мен қызметшілерді қабылдау |
Бекітілген кестеге сәйкес
|
Көшпелі кездесулер, азаматтар мен қызметшілерді қабылдау |
|
3. |
Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету |
Үнемі |
Жеке консультациялық көмек, дөңгелек үстел, семинар |
|
4. |
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға: - сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау; - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау; - мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша әңгімелесу өткізу |
Лауазымға тағайындалған уақыттан бастап бір айдың ішінде |
Жеке консультациялық әңгіме |
|
5. |
Мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастыру |
Жарты жылда бір рет |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, уәкілетті органдар және Агенттік қызметкерлерімен кездесу (келісім бойынша); жиналыс; бейнеролик көру; (іс-шара нысаны қажеттілікке қарай анықталады) |
|
6. |
Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу |
Жарты жылда бір рет |
Экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша дінтану саласындағы мамандарды және тиісті қызметкерлерді тарта отырып семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру |
|
7. |
Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу |
Жарты жылда бір рет |
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тарта отырып семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру |
|
8. |
Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу |
Жарты жылда бір рет |
Үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларын тарта отырып семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру |
|
9. |
Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Мереке күндерінің алдында |
Хаттарды жолдау немесе басқа да амалдармен тиісті ақпаратты жеткізу |
|
10. |
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстарына қатысты жеке істерін (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайына мониторинг жүргізу |
Жарты жылда бір рет |
Аппарат басшысына ұсыныстар және Агентікке ақпарат |
|
11. |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына мониторинг жүргізіп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тиісті қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау немесе профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша шара қолдану |
Тоқсан сайын
|
Аппарат басшысына ұсыныстар және Агентікке ақпарат |
|
12. |
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы фактілеріне мониторинг жүргізіп, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға мониторинг жүргізу |
Тоқсан сайын
|
Аппарат басшысына құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс және Агенттікке ақпарат |
|
13. |
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізу және оның нәтижелері бойынша ден қою жұмыстарын ұйымдастыру |
Тоқсан сайын
|
Министрлік басшығына және Агентікке ақпарат |
|
14. |
Басшылықтың тапсырмасы бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау |
Өтініштердің түсуіне қарай |
Өтініш иесіне жауап, Министрлік басшылығына есеп беру |
|
15. |
БАҚ-та ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету |
Үнемі |
Аппарат басшысына ақпарат |
|
16. |
Қызметтік этика нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізу |
Жарты жылдықта кемінде бір рет |
Анонимді сауалнама қорытындыларын талдау
Аппарат басшысына ақпарат |
|
17. |
Министрліктің құрылымдың бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалға талдау жүргізу және оны жақсарту бойынша ұсыныс енгізу (жедел ден қою, медиация, еңбек дауларын реттеу) |
Үнемі |
Аппарат басшысына ақпарат
|
|
18. |
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың сыртқы түріне күнделікті мониторинг жүргізу |
Күнделікті |
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларымен ақпарат алмасу |
|
19. |
Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу іс-шаралары |
Жыл бойы |
Аппарат басшысына және Агентікке ақпарат |
Агенттік – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).
Әдеп жөніндегі уәкіл К. Арыстанбекова