Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары

Әдеп жөніндегі уәкілдердің

2025 жылға арналған үлгілік

жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы
25 желтоқсандағы № 427 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының 2023 жылғы
28 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Орталық мемлекеттік органдар (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда) мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелердің, тексеру комиссияларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандар, қалалардағы аудандардың әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдердің (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі уәкілдер) 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары (бұдан әрі – Үлгілік жұмыс жоспары) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Әдеп жөніндегі уәкілдер есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Агенттікке Үлгілік жұмыс жоспардың іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
  3. Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті:

1) үлгілік жұмыс жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдау үшін оны Әдеп жөніндегі уәкілдерге жолдасын;

2) үлгілік жұмыс жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты Агенттіктің интернет-ресурсында мерзімді түрде орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет саласын бақылау мәселелерін жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                      Д. Жазықбай

 

Согласовано

15.01.2025 15:44 Арыстанбеков Ниет Кайратович

15.01.2025 15:46 Ахмедьяров Алибек Газизович

15.01.2025 16:11 Балажанов Өркен Байдилханұлы

15.01.2025 16:36 Хайдаров Арман Шаймуранович

Подписано

15.01.2025 17:21 Жазықбай Дархан Медеғалиұлы

Дата публикации
27 марта 2025