Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15534 болып тіркелді.
"Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 8 және 10-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы есеп нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнамаға арналған сауалнама парағының нысаны бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Шайымова |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасы
_____________________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы 8 тамыз
|
|
Қазақстан Республикасының |
Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы есеп нысаны
Есепті кезең 20___ жылғы ___тоқсан
Индекс: 1-әу
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, тексеру комиссияларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері.
Нысанды:
1) орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының, тексеру комиссияларының әдеп жөніндегі уәкілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік);
2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері тиісті мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілдеріне ұсынады.
Тапсыру мерзімі:
1) орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей;
2) орталық атқарушы органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының, тексеру комиссияларының әдеп жөніндегі уәкілдері тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей.
|
№ р/с |
Көрсеткіштер |
Есепті кезеңдегі жалпы саны |
|
1. |
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек көрсетілді, оның ішінде: |
|
|
1.1 |
мемлекеттік қызметшілерге |
|
|
1.2 |
жеке және заңды тұлғаларға |
|
|
2. |
Азаматтардың жеке қабылдаулары |
|
|
2.1 |
оның ішінде шығу кездесулері |
|
|
3. |
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштердің келіп түсуі, оның ішінде: |
|
|
3.1 |
мемлекеттік қызметшілерден |
|
|
3.2 |
жеке және заңды тұлғалардан |
|
|
3.3 |
мемлекеттік органдардан |
|
|
3.4 |
БАҚ-тан |
|
|
3.5 |
басқа көздерден |
|
|
3.6 |
дәлелділердің саны |
|
|
3.7 |
арызданғандардың құқықтары мен заңды мүдделері қайта қалпына келтірілді |
|
|
4. |
БАҚ-тағы басылымдарды мониторингтеу барысында қызметшілерге қатысты анықталған материалдардың саны, оның ішінде: |
|
|
4.1 |
жағымды материалдар |
|
|
4.2 |
жағымсыз материалдар |
|
|
4.3 |
әлеуметтік медиадағы аккаунтарды мониторингтеу барысында анықталған материалдар |
|
|
5. |
Қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты материалдарды лауазымды тұлғаларға жолданған ұсыныстар, оның ішінде оларға қатысты мынадай шаралар қабылданды: |
|
|
5.1 |
тәртіптік жауапкершілікке тартылды |
|
|
5.2 |
қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін материалдар құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарға жіберілді |
|
|
5.3 |
шара қабылданбады |
|
|
5.4 |
оның ішінде шара қабылдау келесі есептік тоқсанда күтіледі |
|
|
6. |
Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: |
|
|
6.1 |
дәріс пен семинарлар |
|
|
6.2 |
орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар |
|
|
6.3 |
БАҚ-та жарияланған баспалы мақалалар |
|
|
6.4 |
интернет-ресурстарындағы мақалалар |
|
|
7. |
Аймақтарға шығу іске асырылды, оның ішінде: |
|
|
7.1 |
облыстарға |
|
|
7.2 |
аудандарға |
|
|
7.3 |
селолық округтарға |
|
|
7.4 |
шет елдерге |
|
|
8. |
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін көтермеленген қызметшілердің саны |
|
|
9. |
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамаға қатысушылардың саны, оның ішінде: |
|
|
9.1 |
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнамаға анализ қорытындысы бойынша атқарылған шаралардың саны |
|
|
10. |
Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар еткен қызметкерлердің саны |
|
|
11. |
Азаматтардың өтініші немесе басқа да көздерден ақпарат алу негізінде тікелей басшылардың немесе мемлекеттік орган басшылығының мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеу туралы шара қабылданды, оның ішінде: |
|
|
11.1 |
туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы жазбаша түрде хабардар еткен адамдардың мүдде қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін лауазымды міндеттерін атқарудан шеттетілді |
|
|
11.2 |
мүдделер қақатығысын болдырмауға байланысты лауазымды міндеттері өзгертілді |
|
|
11.3 |
мүдделер қақатығысын болдырмауға байланысты өзге де шаралар қабылданды |
|
|
Мемлекеттік органның атауы: |
Мекен-жайы: |
|
Әдеп жөніндегі уәкіл |
Телефоны: |
|
20 жылғы "_____" ___________ |
қолы |
|
|
мөрдің орны |
Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысы туралы есеп
нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Жалпы ережелер
|
|
Қазақстан Республикасының |
Әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнамаға
арналған сауалнама парағы
________________________________________ әдеп жөніндегі уәкілі
(мемлекеттік органның атауы)
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында (жарты жылда бір рет) анонимді сауалнама жүргізеді.
|
1. |
Менің әріптестерімнің маған деген қарым-қатынасы әр кезде әдепті және сыпайы |
|
2. |
Менің пікірім әр кезде менің тікелей басшылығымен ескеріледі |
|
3. |
Менің жұымстағы әріптестеріме дәлелді ескертулерім әрқашан барабар қабылданады |
|
4. |
Менің әріптестерімнің арасында өзге қызметкерлерге/жұмысшыларға қатысты көрінеу жалған мәліметтер тарату тәжірбиесі бар |
|
5. |
Мен жұмыс істейтін ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал маған ұнайды |
|
6. |
Менің тікелей басшылығым ұжымда тек қана іскерлік өзара қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды |
|
7. |
Менің тікелей басшылығымның маған деген қарым-қатынасы әділ |
|
8. |
Мен жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде жүктеме бірыңғай бөлінген деп санаймын |
|
9. |
Менен лауазымдық міндеттерімнің құзыретінен асатын тапсырмаларды орындауды ешқашан талап етпейді |
|
10. |
Мен өзімнің тікелей басшылығыма сенемін |
|
11. |
Мен жұмыс істейтін мемлекеттік органда алғашқы рет жұмысқа қабылданған қызметкерлерге/жұмысшыларға бейімделуге көмектеседі |
|
12. |
Мен күрделі өмірлік жағдайларда тікелей басшылығымның жәрдеміне және қолдауына сене аламын |
|
13. |
Тікелей басшылығыңыздың Сізге жеке істерін тапсыру фактілері болды ма? |
|
14. |
Тікелей басшылығыңыз Сізді мереке немесе демалыс күндері жұмысқа шығуды міндеттейді ме? |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК