"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
  2. «Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы
    26 қаңтардағы № 30 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5549 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                ТАӘ

Бұйрық жобасы
Дата публикации
18 марта 2025