«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының
2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пилоттық жоба 2023 жылғы 31 наурыздан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында салық төлеушілерге ЭШФ АЖ-да тіркелуге жататын салық төлеушілерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағында ЭШФ АЖ арқылы сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру фактілерін болдырмау жөнінде жәрдемдесу мақсатында іске асырылады.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, биометриялық сәйкестендіру күніне 1 (бір) рет жүргізіледі.
Бұл ретте биометриялық сәйкестендіруден өтудің жалпы саны, сол айдағы ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, күнтізбелік ай ішінде 3 (үш) реттен аспауы тиіс.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі