ҚАРЫЗ АЛУ СОМАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР

ҚАРЫЗ АЛУ СОМАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ

ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР

 

Үкіметтік қарыз алу 2024 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының нақтылған мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.

2024 жылы МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 5 583,1 млрд. теңгені құрады.

Сыртқы қарыздардың түсімдері 1 447,2 млрд. теңгені құрады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 31 838,1 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 23,7% құрады (ЖІӨ кезінде, 134 252,9 млрд. тг.) оның ішінде:

1)      мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 94,5% құрайтын үкіметтік борыш 30 074,9 млрд.теңге құрады,

Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:

-        ішкі борышы – 21 765,2 млрд. теңге (72%),

-        сыртқы борышы – 8 309,7 млрд. теңге (28%);

2)      дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 454,1 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 1,4% құрады;

3)      жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 309,0 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 4,1% құрады.

Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:

мерзім бойынша:

  • қысқа мерзімді – 845,6 млрд. теңге;
  • орташа мерзімді – 3 142,6 млрд. теңге;
  • ұзақ мерзімді – 26 086,8 млрд. теңге;

пайыздық мөлшерлемесі бойынша:

  • белгіленген – 84%;
  • инфляция индексіне индекстелген - 2%;
  • өзгермелі - 14%.

2024 жылы үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 2 182,0 млрд. теңге құрады.

Дата публикации
03 февраля 2025