Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 11 |
|
Бұйрығымен бекітілген |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімі («такс фри» пилоттық жобасы)
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Мемлекеттік кіріс органдары – аумағында қызметін жүзеге асыру орны бойынша тіркелген, пайдалану құқығында «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде сауда орны бар салық төлеушілер тіркелген аумақтық мемлекеттік кіріс органдары;
2) сатып алушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар;
3) «такс фри» жүйесі – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектілері, шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, мемлекеттік кірістер органдары, «такс фри» жүйесі операторы арасында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге тауарларды әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу кезінде туындайтын құқықтық қатынастар;
4) «такс фри» жүйесінің операторы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге тауарларды әкету кезінде шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға «Global Blue» компаниясы;
5) «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі – пайдалану құқығындағы «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде сауда орны бар және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі.
2-тарау. «Такс фри» пилоттық жобасының қатысушылары
1) «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі;
2) «такс фри» жүйесінің операторы – «Global Blue» компаниясы;
3) мемлекеттік кірістер органдары.
3-тарау. Құқықтар мен міндеттер
4-тарау. Жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімдері
1) бір данасы «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінде қалады және мұрағатталады;
2) мемлекеттік кіріс және паспорттық бақылау органдарының қызметкері Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында тауарларды қарап тексеру рәсімінен өткеннен кейін екінші данасын сатып алушы «такс фри» жүйесі операторының атына Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының қону аймақтарында орналасқан «такс фри» арнайы пошта жәшіктері арқылы немесе «такс фри» жүйесінің операторы айқындаған өзге де жеткізу тәсілімен жібереді.
«Такс фри» құжаты (түбіртегі) «такс фри» жүйесінің операторы айқындаған нысан бойынша мына мәліметтерді:
1) реттік нөмірі және жасалған күні;
2) «Такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінің атауы, сәйкестендіру нөмірін, осы ұйымның немесе оның оқшауланған бөлімшесінің мекенжайын (ұйым оқшауланған бөлімше арқылы бөлшектеп сауда қызметін жүзеге асырған жағдайда);
3) «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі сатып алушыға берген бақылау-кассалық машина түбіртегінің реттік нөмірі мен күнін;
4) қосылған құн салығы сомасын ескере отырып өткізілген тауарлардың құнын;
5) «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінің өткізілген тауарлар бойынша есептеген қосылған құн салығы сомасын;
6) «такс фри» жүйесі операторының комиссиясын есепке алмай қосылған құн салығының өтемақы сомасын;
7) сатып алушының төлқұжатының сериясын, нөмірін және берілген күнін;
8) сатып алушының латын әліпбиі әріптерімен жазылған тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) (жеке басы куәлігінің (төлқұжатының) деректеріне сәйкес);
9) уәкілетті органы жеке тұлғаға латын әліпбиі әріптерімен жазылған жеке басының куәлігін (төлқұжатын) берген шет мемлекеттің атауын (жеке басы куәлігінің (төлқұжатының) деректеріне сәйкес);
10) есептегіш құрылғыларды қолдана отырып «такс фри» құжатының (түбіртегінің) нөмірін сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін штрих кодты, «такс фри» жүйесі операторының ақпараттық жүйесінде пайдаланған кезде оны көрсете отырып жасалады.
Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы «такс фри» құжаттарында (түбіртектерінде) көрсетілген мәліметтер дұрыс болған жағдайда осындай «такс фри» құжаттарында (түбіртектерінде) қарап тексерудің жүргізілгені туралы белгі (жеке нөмірлі мөр) қояды.
1) шетел мемлекеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмаған;
2) сатып алушы тиісінше толтырылған және мемлекеттік кірістер органының белгісін (жеке нөмірлі мөрін) қамтитын «такс фри» құжатын (түбіртегін) ұсынған;
3) «такс фри» құжаттарында (түбіртектерінде) көрсетілген, сатып алушы сатып алған тауарлардың жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы
20 (жиырмадан) кем емес айлық есептік көрсеткішті құраған;
4) Сатып алушы өзі сатып алған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге (тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкетуді қоспағанда) Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өткізу пункті арқылы әкетуді жүзеге асырса, бұл «такс фри» құжатында (чекте) мемлекеттік кірістер органының белгісімен (жеке нөмірлік мөрі) расталады;
5) «такс фри» құжатын (түбіртегін) ресімдеу күнінен бастап ресімдеу айын қоспағанда, үш айдан көп емес уақыт өткен кезде қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу жүргізеді.
«Такс фри» жүйесінің операторы ай сайын, есептіден кейінгі айдың
15-і күніне қосылған құн салығы сомасы өтемақының өтелінген сомасы бойынша мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.
«Такс фри» жүйесі операторы көрсететін қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша қызметтерді іске асыру бойынша айналым қосылған құн салығынан босатылады және мұндай айналым мөлшері сауда қызметі субъектісінен алынған қосылған құн салығы сомасы мен сатып алушыға қосылған құн салығының өтемақысы сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту
«такс фри» жүйесі операторына қосылған құн салығы сомасы төленген салық кезеңінде жүргізіледі.