Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ, Банк) – экономикасы өтпелі елдерге қолдау көрсету мен дамытуды көздейтін халықаралық қаржы ұйымы.
Банк Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері мен Ирак мемлекетіне операцияларды кеңейту бойынша ұсынысты жеткізді. ЕҚДБ қызметінің кеңеюі жаңа елдерге Банктің қазіргі операциялардың қарқынын төмендетпейді, сондай-ақ оның міндеттемелері мен тұрақтылығына әсері жоқ.
Африка мен Жерорта теңізі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі, сол секілді ЕҚДБ-ның осы елдермен тығыз экономикалық байланыстары бар екенін ескерсек, Банктің бұл бастамасы экономикалық тұрғыдан негізделген және оның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келіп отыр.
Аталған түзетулер Басқарушылар Кеңесімен 2023 жылы мақұлданған болатын.