«Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 03

                   

2025 жылғы 6 қаңтардағы № 03 

 

«Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және

мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының

2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Түсім кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Арнаулы мемлекеттік қорға» қайтарылған қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша» және «Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес «Арнаулы мемлекеттік қорға» басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша» түсімдер кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қаржыландыру үшін де пайдаланылады.

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның өтінішхатын РБК осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес түсімдердің 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшерде жылына 1 (бір) рет қарайды.

Бұл ретте қаржыландыруды есептеу активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландырудың соңғы бөлінуінен кейін арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер сомасынан жүргізіледі.»;

16-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшасы осы бұйрық қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
  • осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және                                           2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

Дата публикации
13 января 2025