«Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы

«Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кірспе мынадай редакцияда жазылды: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 532-бабы                         1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1 және 2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәні деп түсінілетін уәкілетті органда өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәні бекітілсін.

  1. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәнінің есебі "Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16518 болып тіркелген) бекітілген Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының 3 және 4-тармақтарымен көзделген тәртіпте айқындалатындығы белгіленсін.

Бұл ретте салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициенті мәнінің есебі әрбір күнтізбелік жыл үшін жеке жүргізіледі.»

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3)   осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы
Дата публикации
19 декабря 2024