Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар-жауаптар

1) Егер адам декларацияда қате жіберсе, оны қалай түзетуге болады?

Салық кодексінің 211-бабына сәйкес Салық төлеуші өзгерістер мен толықтырулар қатысты болатын салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілік жасау арқылы салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

Салық кодексінің 48-бабын орай салық есептілігін үш жыл ішінде талап қою мерзімі ішінде  салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және кері қайтарып алуға құқылы.

Яғни, дұрыс толтырылмаған жағдайда, жеке тұлға қосымша декларацияны тапсыру жолымен бұрын ұсынылған декларацияны дербес түзетуге құқылы.

 

2) Қазіргі уақытта Жеке тұлғаларға арналған декларацияның екі нысаны бар. Олардың айырмашылығы қандай?

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі декларацияның екі нысанын ұсынуды білдіреді:

Біріншісі - активтер мен міндеттемелер туралы "кіру" декларациясы (250.00-нысан), жинақтарды тіркеу мақсатында жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген кезде бір рет ұсынылады.

Екіншісі - кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларациясы (270.00-нысан), ол активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылғаннан кейін жыл сайын ұсынылады, онда күнтізбелік жыл ішінде алынған барлық кірістер және мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері көрсетіледі.

 

 

3) Бейрезиденттерге жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсыру қажет пе?

     Бейрезидент жеке тұлғалар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну бойынша декларанттар шеңберінен шығарылды

     250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер 2024 жылы бейрезиденттерге туындамайды.

 

 

4) Бейрезидент жеке тұлғалар 2024 жылы жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация ұсынудан босатылады. Ал резидент және бейрезидент жеке тұлғалар  деген кімдер?

ҚР-да тұрақты болатын немесе ҚР-да тұрақты емес, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстанда болатын жеке тұлға ҚР резиденті болып танылады. Егер жеке тұлға Қазақстанда ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген кезекті он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік жүз сексен үш күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) болса, ҚР-да тұрақты болып танылады. Резидент болып табылмайтын жеке тұлға резидент емес деп танылады (Қазақстанда 183 күннен кем емес және өмірлік мүдделер орталығы шет мемлекетте орналасқан, яғни ҚР резидентін тану шарттарына сәйкес келмейді).

 

5) Декларациялау кезінде бағалы қағаздарға нені жатқызуға болады?

Бағалы қағаздар - бұл акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пай қорларының пайлары, исламдық бағалы қағаздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жд
Дата публикации
13 декабря 2024