Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар-жауаптар

  1. Әрекетке қабілетсіз зейнеткерлер декларацияны қалай тапсырады?

Кәмелетке толмаған (міндеттемелер болған жағдайда) және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі азамат үшін декларацияны оның заңды өкілі ұсынады.

 

  1. Әскери қызметшілер декларациядан қалай өтеді?

Әскери қызметшілердің декларацияларды тапсыру мерзімі мерзімді қызмет өткеру уақытының кезеңіне ұзартылады.

 

  1. Жеке үйдің аяқталмаған құрылысы. Мен 3 жыл бойы үй салып жатырмын, әлі аяқтаған жоқпын. Оны декларацияда қалай көрсетуге болады?

Сіз 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағалау жүргізе аласыз және құрылысты  декларацияда "өзге де" мүлік  ретінде көрсете аласыз.

 

  1. 31.12.2023 жағдай бойынша бағалауды қалай түсінуге болады, бұл жаңа жылға дейін бағалау керек дегенді білдіреді ме?

Сіз бағалауды декларация тапсырылғанға дейін кез келген күні, яғни ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жасай аласыз, бірақ міндетті түрде – бағалау құны 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша  болуы тиіс. Бағалауды кез-келген бағалау компаниясында жасауға болады.

 

  1. Декларациялайтын ештеңесі жоқ адамдар не істеуі керек? Бос декларацияларды тапсырады ма? Мұндай адамдарға салық органдарынан сұрақтар туындай ма?

 

«Кіру» декларациясын декларация ұсыну міндеті туындаған әрбір азамат декларациялайтын ештеңесі болмаса да, бос декларация ұсынуы қажет. Салық органдары тарапынан декларацияны мүлдем тапсырмаса немесе анық емес, болмаса өзінің активтерін жасырып қалса  ғана сұрақтар туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жд
Дата публикации
13 декабря 2024