Жөқ, қажет емес. Салық кодексіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезидент жеке тұлғаларды деклараттар шеңберінен активтер мен міндеттемелер декларацияны ұсыну міндеттен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Иә, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндеттемелер (250.00-нысан) өз қызметін тоқтата тұрған және әрекетсіз кәсіпкерлерге де туындайды.
Жоқ, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда Қазақстан Республикасынан тыс шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік қана көрсетіледі.
Иә, керек. Салық кодексінің 633-бабына сәйкес жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген, бұрын 250.00 нысанындағы декларацияны ұсынған барлық жеке тұлғалар мәртебесіне қарамастан (мемлекеттік қызметтен кеткен, зейнетке шыққан және т. б.) жыл сайын 270.00 нысанындағы декларацияны табыс етеді.
Декларацияда азаматтар өз қалауы бойынша бірлік құны (1 бас) 3,5 млн.теңгеден (1000 АЕК) асатын қымбат тұқымды жануарларды декларациялай алады. Мысалы, асыл тұқымды жылқы, экзотикалық жануар.
Ауыл шаруашылығы және үй жануарлары бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті органдардан алады. Сол себепті оларды декларациялау қажеті жоқ.