Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар-жауаптар

 

    1. Сұрақ: Декларацияда банктерден алынған несиелерді көрсету қажет пе?

    Жауап. Банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілуге жатпайды.

     

    1. Сұрақ: Декларацияларды түзетуге бола ма?

    Жауап. Азаматтар кез келген қателерді немесе дәлсіздіктерді Салық кодексінде көзделген талап қою мерзімі (3 жыл) шегінде қосымша декларация беру арқылы дербес жоюға құқылы.

     

    1. Сұрақ: Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және деректердің бұзылуына жол бермеу үшін қандай кепілдіктер бар?

    Жауап. Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері Интернетке шықпай-ақ жабық контурда жұмыс істейді. Бұл салық төлеушілерден алынған барлық мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік техникалық қызмет тоқсан сайын Мемлекеттік кірістер комитеті жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізеді.

    Сонымен қатар, декларацияларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қоса алғанда, дербес жауап беретін қызметкерлердің шектеулі тобы қол жеткізе алады.

     

    1. Сұрақ: 270.00 СЕН декларациясында қандай табыстар көрсетілуге жатпайды

    Жауап. Ағымдағы жылдан бастап төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар және т.б.) көрсету қажеттілігі алынып тасталды.

     

    1. Сұрақ: Егер мен 2024 жылы дара кәсіпкерлігімді жапқан болсам, жалпыға бірдей декларация шеңберінде декларация тапсыруым керек пе?

    Жауап: Егер Сіз 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дара кәсіпкер болсаңыз және өз қызметіңізді кейінірек жапсаңыз, онда сізде 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелеріңіз бар.

жд
Дата публикации
13 декабря 2024