«Ақтөбе және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Ақтөбе және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы
21 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

       

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ақтөбе және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 384 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтөбе облысы – 13 198 175 000 (он үш миллиард жүз тоқсан сегіз миллион жүз жетпіс бес мың) теңгеден артық емес;».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                             М. Такиев

Дата публикации
28 октября 2024