«Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 355 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
«Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 355 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Павлодар облысы – 9 276 221 000 (тоғыз миллиард екі жүз жетпіс алты миллион екі жүз жиырма бір мың) теңгеден артық емес.».
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.