ҚР ҚМ 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 648 бұйрығы
«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы №111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағына,
124-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағына, 124-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мүлікті өткізу бойынша шығыстар – компанияның бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 қаңтарға белгіленген және тиісті күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын, қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын, іссапар және әкімшілік шығыстарды қоспағанда, лотты бағалау бойынша шығындар, маркетингке, борышкерлердің мүлкін бағалау жөніндегі қызметтерге арналған шығыстар, борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушының қызметтерін пайдалану үшін жұмсалған, оны өткізуге байланысты шығыстар сомасы;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға (бұдан әрі – дерекқор) кіретін бірыңғай нүктені беретін
www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан
интернет-ресурс;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің іс жүзінде болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепіл мүлiктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады.
Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің іс жүзінде болуы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімінің өзгеруіне байланысты борышкердің кепіл түрінде қамтамасыз етілген мүлкіне, сондай-ақ борышкердің билік етуі шектелген мүлкіне компания өкілдерінің және бағалаушының қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы МКО тарапынан жәрдем көрсетіле отырып тексеріледі.»;
11-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Лоттың бастапқы бағасы осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бар екені расталған кепіл мүлікке және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікке оның бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттардың біреуінің негізінде айқындалады:
1) бірдей және (немесе) біртекті тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған бағалау туралы қолдағы бар есептің негізінде компанияның кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық бағасын белгілеу туралы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды). Компания қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мүліктің техникалық сипаттамасын, сыртқы түрін жан-жақты және көзбен көріп бағалауға мүмкіндік беретін кемінде 3 (үш) фотосуретін қоса бере отырып жасайды. Бағалау туралы есептің деректері осындай есеп жасалған күннен бастап Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде айқындалған мерзім өткен күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы компанияның немесе тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жасаған кепіл мүліктің және немесе билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есеп (борышкерде мұндай есеп бар болса).
Компания мүліктің бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап
3 (үш) жұмыс күні ішінде:
тиісті МКО-ның қарап көруі үшін дерекқорға қорытындының немесе компанияның тапсырысы бойынша бағалаушы жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есептің көшірмесін енгізеді;
хабарламасы бар тапсырысты поштамен, сондай-ақ электрондық хабарламаның оқылғаны туралы растауды сұрата отырып борышкердің электрондық мекенжайына (ол бар болса) - бағалау туралы есеп орналастырылған тізілімнің веб-порталдағы дәл URL-мекенжайын көрсете отырып, борышкерге мүлікті өткізу туралы хабарлама жібереді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Егер бағалау нәтижелері бойынша борышкердің барлық мүлкінің құны оларды өткізу бойынша болжамды шығыстардан төмен болған жағдайда, компания кепіл мүлікті және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікті одан әрі өткізуді жүргізбейді. Бұл ретте компания лоттардың бастапқы бағасын айқындау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкердің кепіл мүлкің және (немесе) билік етуі шектеулі мүлкін өткізуден бас тарту туралы хабарламаны дерекқорға енгізеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін
5 (бес) минут бұрын аяқталады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жеке немесе заңды тұлғаның осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ электрондық аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түспеуі өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
26 және 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс, мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығындағы кезеңде сағат 10.00-ден бастап
17.00-ге дейінгі уақыт аралығында (сағат 15.00-ден кешіктірмей басталады) тізілімнің веб-порталында өткізіледі.
Егер аукцион басталған сәтте аукцион залында лот бойынша аукционға екеуден аз қатысушы тіркелген және болған жағдайда, бұл лот бойынша аукцион өткізілген жоқ деп танылады.
Жылжымайтын мүлік санатына жатпайтын, өткізілмеген мүлік, көлік құралдары және арнайы техника бойынша қайталама аукцион өткізу кезінде осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жалғыз қатысушыға қатысу құқығы беріледі.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Электрондық аукцион барысында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау туындаған кезде ұйымдастырушы:
1) техникалық ақаудың болу фактісін тіркейді және ол тізілім
веб-порталы жағында болған кезде компанияны және барлық қатысушыларды тізілім веб-порталында электрондық аукционды тоқтата тұру туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді;
2) ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен бастап
3 (үш) жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру арқылы осы электрондық аукционның жалғастырылу күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды жалғастыруды ұйымдастырады және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық адресіне электрондық хабарлама жолдайды.
Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау болған кезде электрондық аукцион жалғаса береді.»;
32-тармақ алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Кепілдік жарна шегерілген сату бағасын электрондық аукционның жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушының есеп шотына енгізеді.
Ұйымдастырушы кепілдік жарна мөлшерін қоса алғанда, сату бағасын сауда-саттық өткізу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде компанияның банк шотына аударады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 5-қосымша осы бұйрыққа
1, 2, 3 және 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасы